Германия Президенті Хорст Кёлер отставкаға кетті

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Германия Президенті Хорст Кёлер Ауғанстандағы халықаралық бітімгершілік миссиясында бундесвердің атсалысуына қатысты айтқан өз сөзіне байланысты отставкаға өтініш берді. Бұл туралы мемлекет басшысы дүйсенбі күні мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
None
None

ГФР Президенті өз мәлімдемелерінің бірінде неміс әскери контингентінің Ауғанстандағы миссиясын «Германияның экономикалық мүддесін қамтамасыз ету» уәжімен негіздеген болатын. Осы мәлімдеме елдің ішінде өткір пікірталас туғызып отыр.

Хорст Кёлердің отставкасы Германияда үлкен резонанс туғызып отыр. Оған Германияның жетекші саясаткерлерінің мәлімдемелері дәлел. Атап айтқанда, канцлер Ангела Меркель Хорст Кёлердің мәлімдемесін үлкен өкінішпен қабылдады. Кеше Берлинде сөйлеген сөзінде канцлер, президентпен болған телефон әңгімесінің барысында оны райынан қайтаруға тырысқанын, «бірақ, өкінішке орай, онысынан ештеңе шықпағанын» мәлім етті. Экономикалық және қаржы дағдарысы кезеңінде Хорст Кёлер жақсы кеңесші бола білді, деді федеральдық канцлер өз сөзінде.

Вице-канцлер және сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле, Хорст Кёлердің отставкасы туралы естіген кезде, «төбесінен жай ұрғандай» сезімде болғанын айтуда. Жағдай әрі қарай «біздің конституциямыздың баптарына сәйкес» өрбитін болады, деп сендірді Вестервелле мырза.

Соңғы жаңалықтар