Германия президенті: Қазақстанның саяси реформалары қуантады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға ресми сапармен келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер алдымен саяси қорлардың өкілдерімен, сондай-ақ неміс диаспорасымен кездесіп, саяси-әлеуметтік аxуалды біліп қайтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Бүгін таң ата біз неміс тілді диаспорамен кездесіп қайттық. Жаңа шіркеудің салынып жатқанына ризамыз. Болашақта ол жерде протестант, евангелие мен лютеранның өкілдері жиналады. Осы саладағы өзара түсіністік пен диалогтың барына қуаныштымыз", - деді ол.

Бұдан бөлек, Штайнмайер мырза күні кеше Қазақстандағы немістің саяси қорларының өкілдерімен де кездескенін жеткізді. Оның айтуынша, саяси ұйымдар деңгейіндегі диалог жақсы дамып келеді. "Германияның саяси қорлары бұл жерде жақсы жұмыс істеп жатыр екен. Олар үшін барлық жағдайлар жасалады. Құқықтық мемлекетті құру бойынша біздің тарапымыздан берілетін ақыл-кеңестерге де құлақ асады. Осы саладағы өзгерістер де жоқ емес. Қазақстанның Еуропаға қарай бет бұрып, заң үстемдігін орнату саласындағы жұмысы табысты болсын!", - деп атап көрсетті Штайнмайер.

Осы орайда Германия басшысы Қазақстандағы конституциялық өзгерістерге, атап айтқанда Президент өкілеттіліктерін Үкімет пен Парламентке беру шараларына жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар