Германия тұрғыны 84,8 млн еуро ұтысқа ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Eurojackpot лотереясының ұтысына Германияның Гессен қаласының тұрғыны ие болды, ол 84,8 млн еуро алып елде жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Германия тұрғыны 84,8 млн еуро ұтысқа ие болды

«Бұл Германиядағы лотереялардың ең жоғарғы ұтысы», деп мәлімдеді ойынды ұйымдастырушылардың бірі.

Бұған дейінгі рекордтық ұтыс наурыз айында тіркелді, онда 76,8 млн еуро ойнатылған.