Германияда АҚШ-тың әскери тікұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Германияның батысында АҚШ-тың әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан экипаждың екі мүшесі қаза тапты,
тағы біреуі із-түзсіз жоғалып отыр.
Төтенше оқиға Фирнхайм және Лорш қалаларының арасында орын алған, деп хабарлайды РБК агенттігі. Апаттың себебі әзірге белгісіз.
Құлаған ұшу аппараты адам тасымалдауға және шабуыл жасауға арналған UH-60 Black Hawk көпмақсатты тікұшақтар типіне жатады. Оқиғаның мән-жайын тексеру шарасы басталды.