Германияда аптап ыстыққа байланысты кондиционер өндірісі екі есе артты

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылы Германияда 317 мың кондиционер өндірілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (164,7 мың) шамамен екі есе көп. Соңғы бес жылда елдегі кондиционер өндірісі 75%-ға өсті DW Германияның Федералдық статистика басқармасына сілтеме жасап. 

кондиционер
Фото: Миллий статистика қўмитаси

Неміс дүкендеріндегі импорттық кондиционерлердің саны да көбейіп келеді. Импорттың төрттен бірін итальялық үлгідегі кондиционерлер, сонымен қатар қытайлық және швед маркалар да сұранысқа ие, деп жазады Der Spiegel журналы.

Сарапшылардың айтуынша, кондиционер Германия тұрғындары үшін әлі күнге дейін үй-жайдың стандартты жабдығы емес, Еуропадағы аптап ыстыққа байланысты туындаған мәжбүрлі қажеттілік болып отыр.

Тіпті елдегі ең ірі көлік компаниясы – Berliner Verkehrsbetriebe (BVG) метрополитенде кондиционер орнатудан принципті түрде бас тартады. Мұны техникалық және экологиялық қиындықтармен түсіндіреді: кондиционерлер әрдайым үнемді бола бермейді және туннельдердегі температураны арттырып, жайлы микроклиматты сақтауды қиындатуы мүмкін. 

Айта кетелік Еуропаның оңтүстік бөлігінде аптап ыстықтан орман өрті өршіп тұр

Соңғы жаңалықтар