Германияда аптап ыстыққа байланысты жолдарға су шашыла бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Германияда аптап ыстық салдарынан асфальттың бүлінуіне жол бермеу үшін жолдарға су шашыла басталды.

ь
Фото: Bild

Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлады.

Германияның жол қызметтері асфальт қатты қызып кетпеуі және жолдарды жабуға мәжбүр болмау үшін жол жабынын сумен салқындатып жатыр.

«Жоғары температура кезінде асфальт құрамындағы битум жұмсарып, жол бетіне шыға бастайды. Соның салдарынан жол жабыны жабысқақ болып, деформацияға ұшырайды, ал ауыр жүк көліктері оны тез бұзады», – деп жазады Bild басылымы.

Осындай шаралар Солтүстік Рейн – Вестфалия және Гессен федералдық жерлерінде де сынақтан өткізіліп жатыр.

Аптап ыстықтың салдарынан кей өңірлерде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Мәселен, Гамбургте асфальттың бүлінуіне байланысты ұзындығы екі шақырымнан асатын жолақ уақытша жабылды.

Мамандардың айтуынша, ескі бетон жолдарда қауіп одан да жоғары. Қатты ыстықта бетон плиталар кеңейіп, көтеріліп, жарылып кетуі мүмкін.

Айта кетейік, Германияда 26 маусым күні ауа температурасы тарихи рекордқа жетті.