Германияда бір тәулікте 2 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияда коронавирус жұқтырғандар саны өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com сайтына сілтеме жасап.

Германияда  бір тәулікте 2 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

Германияда өткен тәулікте 2034 коронавирус жұқтырған. Бұл сәуір айының соңынан кейінгі жоғары көрсеткіш.

Вирус жұқтырғандар саны елдің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Берлинде көп тіркелген. Соңғы мәліметке қарағанда, вирус басталғаннан бері коронавируспен 232 082 адам ауырып, одан 9267 адам көз жұмған.