08:13, 14 Маусым 2016 | GMT +5
Германияда босқындар лагеріне оқ атылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төменгі Саксония орналасқан немістің Линген қаласында босқындарға арналған орталыққа пневматикалық винтовкадан оқ жаудырылды, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Лагерьде тұрған екі адам: македониялық бес жасар қыздың аяғынан жараланды және 18 жастағы сириялық зардап шекті. Екеуі де ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Оқиға жексенбі күні орын алды. Алайда полиция бұл туралы қазір ғана жариялап отыр. Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұған терезесі босқындар орталығына қарайтын 21 жастағы немістің қатысы бар деген күдік бар. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оның үшінші қабаттағы оның пәтерінен мылтықпен оқ атылған. Полиция оның үйін тінтіп, қару мен оның оқтарын тәркіледі.