Германияда дәрігерге жазылу үшін орташа күту уақыты 42 күнге жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Германиядағы дәрігерге жазылу уақыты рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды DW.
Rheinische Post газетінің хабарлауынша, бұл дерек Германия Денсаулық сақтау министрлігінің Солшыл партияның парламенттік сауалына берген жауабынан алынған. 2019 жылы мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесінің пациенттері эндокринолог, лор тәрізді маманданған дәрігерге жазылу үшін орта есеппен тоғыз күнге аз күтуге мәжбүр болған.
Сонымен қатар, жоспардан тыс қабылдауларға жұмсалған шығындардың артуы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қосымша шығындарын көбейтті: 2023 жылы бұл көрсеткіш 814 млн еуроны құраған, ал 2020 жылы — 291 млн еуро шамасында болған.
Кейбір дәрігерлер аптасына кемінде бес сағат уақытты алдын ала жазылмаған пациенттерді қабылдауға арнауға міндетті. Яғни, кез келген адам алдын ала жазылмай-ақ сол уақытта дәрігерге бара алады. Осы үшін дәрігерлерге қосымша ақы төленеді.
Негізгі бұл ереже медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жасалған. Дегенмен Солшыл партия депутаты Юлия-Кристина Штангенің сөзінше, практикада жүзінде бұл жоспарланғандай нәтиже бермейді.
— Медициналық қызмет сапасын жақсарту және дәрігерге жазылуды жылдамдату мақсатында енгізілген ережелер толықтай сәтсіздікке ұшырады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру иелеріне қымбатқа түседі, ал қызмет көрсету сапасы нашарлап барады. Бірақ үкімет нақты жағдайды зерттеп, шара қабылдаудың орнына бұл мәселені елемей отыр, — дейді ол.
Дәрігерге жазылуды жеделдетуге арналған 116117 нөмірлі «арнайы желі» осы тапсырманы ойдағыдай атқарып келеді. 2024 жылы бұл желі арқылы 1,645 млн адам қабылдауға жазылған, орташа күту уақыты бір күнге қысқарып, 11 күнді құраған.
Осыдан бұрын Германияда өз күнкөрісін қамтамасыз етуде қиындық көріп, кедейлік қаупіне ұшыраған адамдар саны артып келе жатқанын жазған болатынбыз.