Германияда Ислам мемлекеті тобының мүшесі деген күдікпен екі адам тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия полициясы елдегі «Ислам мемлекеті» тобының мүшесі деген күдікпен екі адамды тұтқынға алды. Олар жұма күні түнде Берлинде және астананың шет аудандарына жүргізілген рейд барысында ұсталды, деп жазады би-би-си.
None
None

Тұтқынға алынғандардың біреуі 41 жаста, ұлты - түрік, Германия азаматы, полиция оны түрік және ресейлік азаматтардан құралған, Сирияда шабуыл жасауды жоспарлап жүрген экстремистік топтың көшбасшысы деп пайымдауда.

Енді бірі осы экстремистік топты қаржыландырды деген күдікпен ұсталды. Олар сонымен бірге «Ислам мемлекеті» жихадшыларының қатарын толықтыру үшін әскер жинаған деп күдіктелуде.

Полиция топтың Германияға шабуылға дайындығы туралы деректердің жоқ екендігін нақтылады.

Соңғы жаңалықтар