Германияда Lufthansa әуе компаниясының ұшқыштары ереуіл жариялады

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Германияда авиация тарихындағы ең үлкен ереуіл басталды. «Азаттық» радиосының ақпараты бойынша, Lufthansa әуе компаниясының 4 мың ұшқышы төрт тәулікке жұмыстарын тоқтатып отыр. Олардың бұл әрекеттерінің салдарынан, алдын-ала мәліметтер бойынша, 3200 рейс тоқтайды және миллиондаған шығын келеді.

Германияда  Lufthansa   әуе компаниясының  ұшқыштары ереуіл  жариялады

Келісімге келе алмай отырған тараптармен келіссөз жүргізу арқылы ереуілдің алдын алмақ болған көлік министрі Петер Рамзауердің әрекеті сәтсіз аяқталды.

Ұшқыштар, компанияның басқа елдердегі еншілес компанияларындағы жұмыс орындарын төмендеу ақыға ауыстырмауды және ол компаниялардағы жұмыстарды да германиялық тарифтік келісімдер бойынша төлеуді талап етіп отыр.