Германияда нацистердің көміп кеткен алтыны табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда әуесқой археолог құны шамамен 45 мың еуро болатын алтын монеталар қазынасын тапты, деп хабарлады Reuters агенттігі.
None
None

Бұл олжа Люнебург қаласының маңында табылды. 31 жастағы әуесқой археолог Флориан Бауч темір іздеуші жабдықтың көмегімен қарағай түбінен 10 алтын монета тапты. Кейін ол кәсіби әріптестерінің көмегіне жүгінді. Археологтар бұл жерді қазып, осындай тағы 207 монета тапты. Ғалымдардың пікірінше, қазына нацистік Германия кезеңінде жасырылған. Алтын иесі қазынасын Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында көміп кетуі мүмкін.

Әрбірінің диаметрі 21 мм, ал салмағы 6 граммнан асатын монеталар 1837-1910 жылдар аралығында түрлі елдерде жасалған. Сонымен қатар бұл қазынадан бельгиялық, француз, итальяндық және австро-венгриялық ақша табылды. Онымен қоса нацистік белгісі бар картон қалдығы, "Reichsbank Berlin 244" жазуы бар мөр болған. Ғалымдар бұл қаптаманың 1940-1950 жылдар аралығында жасалғанын анықтады.

Қазына 19 шілдеде Люнебург мұражайында жұртшылық назарына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар