Германияда сатылымға шығып кеткен улы ішімдікті ішпеу ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның батысында Дуйсбург қаласындағы пәтердің бірінде қолдан құйылған 1028 бөтелке жасанды арақ табылды. Ол адамдың өміріне қауіп төндіретін немесе көзді соқыр ететіндей улы екені анықталды. Алайда 350 бөтелке ішімдік бұған дейін сатылып кеткен, деп хабарлайды dw.com .
None
None

Германияның батысындағы  Солтүстік Рейн-Вестфалия федеральдық жерінің Тұтынушылар құқығын қорғау министрлігі Diamond Vodka деп аталатын жасанды арақты ішпеуді ескертуде. Министрліктің сайтында орналастырылған ресми хабарландыруда сатылып кеткен метанолы бар ішімдік өмірге қауіпті екен.

Ішімдікке жүргізілген сараптама оның бір литрінде 15 грамм метанол бар екендігін анықтаған, бұл ең жоғары рұқсат етілген көрсеткіштен 400 есе көп. 

Соңғы жаңалықтар