Германияда жұмыссыздардың жұмыс табу мүмкіндігі рекордтық төмен деңгейге жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Web.de онлайн-порталына берген сұхбатында Германияның Федералдық еңбек агенттігінің басшысы Андреа Налес мәлімдеді, деп хабарлайды DW.
— Бізде жұмыссыз адамның қайтадан жұмыс табу ықтималдығын көрсететін индикатор бар. Әдетте бұл көрсеткіш шамамен жетіге тең болатын, ал қазір — 5,7. Мұншалықты төмен деңгей бұрын-соңды болмаған, — деп түсіндірді ол.
Әлеуметтік төлемдерге жоспарланып отырған реформаны базалық әлеуметтік көмек Bürgergeld-ті алып тастап, жәрдемақы алушыларға қойылатын талаптарды қатаңдатуды сынға алған Налес, мұндай норма «егер нақты адамның біліктілік бейіні ескерілмесе, проблемалы болуы мүмкін» деген пікір білдірді.
Оның айтуынша, жұмыссыздардың дағдылары көбіне бос жұмыс орындарының талаптарына сай келмейді, ал егер олардың кәсіби дайындығы назарға алынбаса, «үш айдан кейін адамдар қайтадан жұмыспен қамту орталығының есігін қағатын болады».
Жақсы білім әлі де шешуші рөл атқарады, алайда «енді бірде-бір топ жұмысынан айырылудан толық сақтандырылмаған» деп атап өтті Налес. Әсіресе еңбек жолын енді бастағандар үшін жағдай күрделі.
Оның айтуынша, 2025 жылы кәсіби оқытуды бастаған жастардың саны соңғы 25 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен.
Айта кетелік Германияда біраз салада жұмыс орындары қысқаратыны туралы жаздық.