Германияда жыл сайын 110 мың адам темекіден көз жұмады

Өкпе обыры, аяқ-қолдың жазылмас жараға айналуы, туа бітті ауру сәби сынды 20-ға жуық түрлі қорқынышты суреттер 2016 жылдың мамыр айынан бастап темекі қораптарында пайда болмақ, деп жазады «Хабар» арнасы. Бундестагтың қабылдаған заңына сәйкес пиктограммалар қораптың екіден үш бөлігін қамтиды.
Германия депутаттарының айтуынша, Еуропа халықтарының арасында гректер мен болгарлардан кейінгі шылымқор - неміс халқы. Германияда жылына 110 мың адам темекіден тапқан аурудан көз жұмады. Германияда сондай-ақ темекі өнімдерін жарнамалауға да тыйым салу жоспарланған. Яғни телеарналар мен кинотеатрларда көрсетілмейді. Көшегі үлкен көрнекіліктер алынуы тиіс. Ал дүкендерде самсап тұрған сұранысқа ие жалбыздың, шоколадтың өзге де қоспалары бар темекілер сатылымнан алынбақ.