Германиядағы атыс кезінде екі адам мерт болып, біреуі жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні кешке Германияның оңтүстік-батысындағы Бад-Фридрихcхалль қаласындағы компаниялардың бірінде екі ер адам өлтіріліп, тағы біреуі жарақат алды.

Германия полициясы
Фото: dw.com

Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.

Полицейлер қашып жүрген қылмыскерді ұстау бойынша ауқымды операция жүргізіп жатыр.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, полиция шабуыл жасаған адамды іздеуге тікұшақ жұмылдырған. Бетін бүркеген қарулы адам сағат 17:45 шамасында компания кеңсесіне кіріп, оқ жаудырған.

Осыған дейін Германияда қарулы адам банкке кіріп, әйелді кепілге алғанын хабарладық.

Пышақпен қаруланған қылмыскер көп ұзамай қолға түсті, кепілге алынған адам зардап шекпеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар