Германияның барлау қызметіне КВИ шығу тегі туралы ақпаратты жарияламауға рұқсат берілді

АСТАНА. KAZINFORM — Германияның Федералдық барлау қызметі (BND) коронавирустың Уханьдағы ықтимал зертханалық шығу тегі туралы не білетінін жариялауға міндетті емес, деп хабарлайды BIID. 

коронавирус
Фото: BILD

Лейпцигтегі Федералдық әкімшілік сот бұл ақпаратқа қол жеткізбек болған баспаның өтінішін қабылдаған жоқ.

Сот егер BND өз деректерін растаса немесе жоққа шығарса, бұл «қызметтің жұмысын бұзып, Германияның сыртқы саяси мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін» деп дәйектеді. Судьялар сондай-ақ ақпараттың ашылуы «BND-нің барлау көздері мен жұмыс әдістері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретінін» мәлімдеді. 

Баспаның тағы бір өтініші үкіметпен байланысы бар вирусологқа қатысты (оның аты-жөні жарияланбады) — талапкер бұл адамның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің тексерісінен өту-өтпеуін білгісі келді. Алайда сот «жеке деректерді қорғау мәселелеріне» сілтеме жасап, бұл өтінімді де қабылданған жоқ.

Бұған дейін Ақ үй коронавирус індетінің «шынайы шығу тегі» туралы веб-парақша ашқанын жазған болатынбыз. 

Өткен жылы ғалымдар COVID-19 індеті бастау алған жерді анықтады. 

Соңғы жаңалықтар