Германияның құрметті консулы Атырауда өлі күйінде табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстандағы Германияның құрметті консулы Питер Кригер Атырауда өлі күйінде табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«54 жастағы Питер Кригердің денесі өзі жалдап жатқан пәтерден табылды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның өлімінің себебі анықталатын болады», - деп хабарлайды өңірдің ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпаратына сәйкес, алдын ала тексеру бойынша көз жұмған консулдың денесінен зорлық белгілері анықталмаған.

Питер Кригер соңғы уақытта Атырауда жұмыс істеп, сонда тұрған.

Соңғы жаңалықтар
telegram