08:22, 21 Қаңтар 2015 | GMT +5
Германияның жоғарғы соты ер адамды белгілі бір уақытта ғана темекі шегуге міндеттеді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Германияның темекіге әуес азаматтары шылым шегуге шектеу қою сияқты шаралармен жазалануы мүмкін. Бұған аталған елдің Жоғарғы сотының шешімі септескен, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Германияның Жоғарғы соты Премниц (Бранденбург жері) неміс қаласының ерлі-зайыпты зейнеткерлердің пайдасына шешім шығарды. Олар төменгі қабатта тұратын көршілеріне шағым жасаған. Айтуларына қарағанда, бұл көрші күніне шамамен 20 темекі шеккендіктен, жағымсыз иіс салдарынан балконға шығу мүмкін емес.
Осылайша бұл ер адам белгілі бір уақытта ғана темекі шегетін болды.