Гибралтар бокс федерациясы World Boxing құрамына енді
АСТАНА. KAZINFORM - Гибралтар ұлттық бокс федерациясы халықаралық олимпиадалық комитеті мойындаған World Boxing құрамына еніп, аталған ұйым құрамындағы мемлекеттер саны 176-ға жетті.
Бұл ұйымға дүниежүзілік көптеген спорттық шараны ұйымдастыру міндеті жүктелген..
Халықаралық ұйымның атқарушы комитеті Гибралтар Ұлттық бокс федерациясының өтінішін мақұлдады.. Қазіргі таңда оған 123 толыққанды мүше және 52 мақұлданған мүше болып отыр.
Халықаралық федерация 2023 жылы сәуір айында құрылды. 2025 жылдың қараша айында бұл ұйым тізгінін қазақстандық тәжірибелі маман және белгілі боксшы Геннадий Головкин ұстады.
Оның өкілеттік мерзімі 3 жылға созылады. Яғни, Лос-Анджелес Олимпиадасына дейін жалғасады.
Оған дейін аталған қызметті нидерландтық Борис ван дер Ворст атқарған еді.
Биыл федерация тарапынан ұйымдастырылатын көптеген спорттық шаралар енгізілген. Олардың қатарында Азия және Еуропа чемпионаттары, жазғы Азия ойындары бар. Сондай-ақ World Boxing өткен жылдағы секілді әлем кубогын өткізуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылары рейтингінде «Канелодан» озды.