«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды
АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға бағытталған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі 2025 жылғы 19 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы.
                                              - Ғылыми тағылымдама – тек шетелде білім жетілдіру емес, ол – әлемдік ғылыми қауымдастықпен байланыс орнату, жаңа әдістемелер мен инновациялық технологияларды меңгеру, зерттеу бағытын халықаралық деңгейге көтеру жолындағы маңызды қадам. Өз әлеуетіңді жүзеге асыру мүмкіндігін жіберіп алма – халықаралық ғылыми тәжірибенің қатысушысы бол! - делінген хабарламада.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Төмендегі санатқа жататын Қазақстан Республикасының азаматтары:
- ғылым докторы, ғылым кандидаты, сондай-ақ PhD / бейіндік доктор немесе магистр академиялық дәрежесіне ие болуы;
 - таңдаған ғылыми мамандануы бойынша соңғы 12 айда үздіксіз кәсіби қызмет атқаруы (аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде);
 - қабылдаушы ұйымнан шартсыз шақыру хатының (қаржылық талаптарды қоспағанда) болуы;
 - мемлекеттік тілді меңгерудің В1 не одан жоғары деңгейде (ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq RESMI TEST) емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификаттың болуы;
 - шет тілін меңгерудің қажетті ең төмен деңгейінің (мысалы, ағылшын тілі – IELTS: 5.0; Duolingo: 80; TOEFL IBT: 35) болуы;
 - ғылыми жарияланымдарының болуы.
 
Құжаттар онлайн форматта немесе қолма-қол қабылданатынын ескертеміз.
Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды онлайн қабылдау мына сілтеме арқылы жүзеге асырылады:
Толық ақпарат пен қосымша сұрақтар бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығының» АҚ ресми сайтында таныса аласыз: