Гималай күйенің кесірінен еруде

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Гималайды кей жағдайларда «үшінші полюс» деп те атайды. Бұл осы аймақта, Солтүстік және Оңтүстік полюстерді қоспағанда ғаламшардың кез келген жеріне қарағанда сулы мұздақтардың көп шоғырлану фактісіне байланысты. Алайда өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап мұздақтардың алаңы 60 пайызға азайған. Бұған жаһандық жылыну кінәлі деп саналады.
Жаңа зерттеулер аясында ғалымдар көмірді және көмірқышқылдарды жағу кезінде пайда болатын күйенің ғаламшар бойынша жылжуының үлгісін жасады. Осы материалдың қара бөлшектерін Күн қыздырады, нәтижесінде оларды қоршаған ауаның температурасы да өседі. Ғалымдардың айтуынша, Орталық Азияның халық тығыз орналасқан аймақтарынан келген күйе Гималайдың етегіндегі ауаға жиналады. Бұлардан туындаған жылы ауа ағыны мұздақтардың еруіне әкеледі.
Атмосфералық ағынның өзіндік үлгісін пайдалана отырып климатологтар аймақтың 2000 жылдан 2007 жылды қоса алған кезеңдегі температуралық режимін зерттеді. Нәтижесінде оларға еріген мұздақтардың жартысына күйенің әсері болғанын анықтаудың сәті түсті.
Ғалымдар Арктикада күйенің кесірінен бір градусқа жылынғанын айқындады. Жалпы жиыны, бұл аймақ 1890 жылдан 2007 жыл аралығында 1,9 градусқа жыли түскен.