Гипермаркетке бомба қойылғаны туралы жалған хабар беруші анықталуда

АҚТӨБЕ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - 11 ақпан күні белгісіз біреу Ақтөбе облысы бойынша ТЖ департаментінің кезекші бөліміне телефон шалып, «Олжа» гипермаркетіне бомба қойылғаны туралы айтты, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Гипермаркетке бомба қойылғаны туралы жалған хабар беруші анықталуда

Телефон шалған адам екі гипермаркеттің қайсысында бомбы салынғаны туралы хабарламауына байланысты полиция қызметкерлері «Олжа» гипермаркеттері екі желісінде болған барлығы 560 келушілері мен қызметкерлерін көшіріп, аумақты қоршап алды.

Іздеу кезінде жарылғыш зат табылмады.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр, тергеу және бұл қылмысты жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.