Гиза пирамидасынан жасырын дәліз табылды

АММАН. ҚазАқпарат – Египеттің туризм және көне заттар министрлігі ұлы Гиза пирамидасының негізгі кіреберісіне жақын жерден ұзындығы 9 метрлік жасырын дәлізді тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомство мәлімдемесіне сілтеме жасап.
None
Фото: Египеттің туризм және көне заттар министрлігі, ВВС

Ежелгі әлемнің жеті кереметінің ішінен жалғыз сақталған Хеопс пирамидасы деген атпен танымал ұлы Гиза пирамидалары туралы жаңалық Scan Pyramids жобасы аясында жасалды. Бұл жоба бойынша 2015 жылдан бастап құрылымның ішіне «үңілуге» мүмкіндік беретін 3D-модельдеу, эндоскоп, сондай-ақ инвазивті емес инфрақызыл термография технологиясы пайдаланылады.

«Пирамиданы зерттеу кезінде ұзындығы 9 метр, ені 2,1 метр болатын дәліз табылды, бұл жобаның жұмысы 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді», - деп хабарлады Египеттің туризм және көне заттар министрі Ахмед Исса.


«Аяқталмаған дәліз пирамиданың салмағын шамамен 7 метр жерде орналасқан негізгі кіреберістің айналасына немесе басқа, әлі ашылмаған камераға немесе кеңістікке қайта бөлу үшін жасалған болуы мүмкін. Біз оның астынан немесе дәліздің соңынан әлдене таба аламыз ба деген сұраққа жауап беру үшін сканерлеуді жалғастырамыз. Пирамиданың басқа бөлігіндегі патша жерленген камераның үстіндегі 5 бөлме үлкен құрылымның салмағын қайта бөлу үшін салынған деп есептеледі. Фараонның бірнеше жерлеу камерасы бар болуы мүмкін. Алдағы айларда бізге дәліздің артында не тұрғанын айтады», - деді Египет көне заттар жоғарғы кеңесінің басшысы Мостафа Вазири пирамида алдында ұйымдастырылған баспасөз конференциясында.

Ғалымдар дәліздің бар екенін радар мен ультрадыбыс арқылы тексерді, кейінірек пирамида тастарындағы кішкентай ғана буын арқылы 6 миллиметрлік эндоскопты енгізіп, оның суретіне қол жеткізді.


Египет тарихшысы әрі археологі Заки Хавас бұл қазіргі замандағы Хеопс пирамидасымен байланысты ең маңызды жаңалықтардың бірі екенін мәлімдеді.

2017 жылы Scan Pyramids зерттеушілері 19 ғасырдан қалған алғашқы ірі құрылым – ұлы пирамида ішінде кемінде 30 метр болатын бос кеңістік анықталғанын мәлімдеген болатын.

Ұлы пирамида біздің заманымызға дейінгі шамамен 2 560 жылдары Хуфу немесе Хеопс фараон басқарған кездері соғылған. 146 метрлік Ұлы пирамида 1889 жылы Париждегі Эйфель мұнарасы соғылғанға дейін адам қолымен жасалған әлемдегі ең биік құрылым болды.


Соңғы жаңалықтар