Гластонбериде фестивальда Адель ерекше әсер сыйлады

Бұл Адельдің белгілі британдық рок-фестивальға алғаш қатысуы. Поп-жұлдыздың концертіне 100 мыңдай көрермен жиналды.
Адель фестивальға қатысуды өмір бойы армандағанын, алайда жүрексінгенін айтты. Ол сахнаға кішкентай қызды шақырып, осындай кезінен фестивальға көрермен ретінде келгенін айтып берді. Ризалық көңілін білдірген Адель артынша кішкене қызбен селфиге түсті.
Ақпанда британдық әнші Адель жылдың үздік синглы, үздік альбом үшін Brit Awards сыйлығын алды, сондай-ақ жылдың үздік орындаушысы ретінде марапатталды. Былтыр «25» альбомы АҚШ-та сатылымда рекорд орнатты. Бес күнде 2,4 млн дана сатылды.
Адельмен бірге, фестивальға биыл Muse және Coldplay қатысты. Басқа да қатысушылар - The 1975, The Last Shadow Puppets, Grimes, Джейк Багг, Fatboy Slim, Гай Гарви, Wolf Alice, Bat For Lashes, Синди Лопер, Ронни Спектор және Earth, Wind & Fire.