19:47, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Голландияда ешкілер мен қойларды жаппай қыру басталды
АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Нидерланды ауыл шаруашылығы министрлігі мал безгегінің бұдан әрі таралуының алдын-алу мақсатында - уақ малдардан адамдардың ауру жұқтыру қаупі ескеріліп - ешкілер мен қойларды жаппай қыруға кірісті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері ел тұрғындары арасында осы індеттің 2300 жағдайы анықталған, алты ауру көз жұмды.
Соңғы бірнеше жыл бойы Голландияда байқалып отырған безгек ауруының тез өсуі - фермерлік шаруашылықтардағы ешкі мен қой басының ұлғаюына байланысты. Әдетте ауруды көбіне мал күту шаруаларымен айналысатын фермалардың жұмысшылары жұқтырады.