11:21, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Голландиядан келген екі альпинист 100 метрлік биіктіктен құлағанымен аман қалды
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Австриядағы Гросглокнер тауына жорық жасаған Голландиядан келген екі альпинист 100 метрлік биіктіктен құлағанымен аман қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаға тізбектің ұшындағы жетекші альпинист кінәлі болған. Оның аяғы мұздаққа тайып кетіп, шыңырауға құлаған кезінде серігін өзімен бірге ала кеткен. Ол қатты жарақат алып, Линц қаласындағы ауруханаға жөнелтілді. Ал екінші альпинист ешқандай жарақат алмаған.
Гросглокнер Австриядағы ең биік тау болып есептеледі, оның биіктігі 3798 метрді құрайды. Гросглокнерге алғаш рет 1 800 жылы жорық жасалған.