Голливуд актері Арманд Ассантенің Қазақстанның мәдени-рухани құндылықтары туралы түсірген деректі фильмі көрсетіледі

Конференция шеңберінде 19 қыркүйек күні баспасөз құралдары үшін баспасөз мәжілісі өтеді. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық «Рухани Келісім Конгресі» Қоғамдық қорының президенті Төлеген Мұхамеджанов қатысады.
Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін «Рухани мәдениет - әлемді жаңартудың кілті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында жаһанды жаңарту жолдарының бірі - рухани мәдениет тақырыбы айналасында пікір алмасылады деп күтілуде.
Оның шеңберінде сондай-ақ, «Рухани келісім туралы сөз» тақырыбындағы мерекелік кешті, Голливуд актері, режиссер Арманд Ассантенің «Қазақстан. Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы» атты деректі фильмінің тұсаукесерін, Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумына арналған кітаптардың таныстырылымын өткізу жоспарланған.
Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Қазақстанның бас қаласы - Астанада әлемдік ауқымда тұңғыш рет Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы өтті. Форумға дүние жүзінің 71 мемлекетінен әлемге аты әйгілі ғалымдар мен саясат және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен рухани ілім ұстаздары қатысты.