19:29, 30 Маусым 2010 | GMT +5
Голливуд актері Қазақстанда үй сатып алмақшы
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Голливуд актері Дольф Лундгрен Қазақстанда үй сатып алу жөнінде ойланып жүр. Бұл жөнінде Голливудтың танымал актері «Астана» экшн-фильмдерінің I Халықаралық фестивальі ауқымында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ресми БАҚ өкілдері.

«Мен байқап қарадым... Қазақстан шынында да көрікті ел, табиғаты да тамаша... турасын айтқанда мен осында жылжымайтын мүлік сатып алу туралы ойлана бастадым», - деді Д.Лундгрен журналистер сауалдарына жауап бере отырып.