Голливуд пайғамбарлармен ойнауды қашан қояды? - Баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 27 тамыз, сәрсенбi күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

Осы аптадағы елімізде болған маңызды саяси оқиғалардың бірі - Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Наваз Шарифтің Қазақстанға жасаған ресми сапары. Ұзақ жылдардан кейін қазақ жеріне тағы табаны тиген Наваз Шариф «Қазақстан - менің екінші отаным» деп, ағынан жарылған. Бұл туралы жаза келе «Егемен Қазақстан» газеті екі жақты кездесудің өте мазмұнды әрі жемісті өткенін хабарлайды. «Мен Қазақстанды өзімнің екінші мекенім санаймын, сондықтан Сіздің елге көп жылдан кейінгі сапарым айрықша әсерге бөледі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді өзіңізге қолайлы уақытта Пәкістанға келуге шақы­ра­мын. Бұл - менің Астанаға бі­рін­ші келуім. Бұл қала Сіздің кө­регендігіңіздің символы деп санай­мын. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан зор әлеуметтік-эконо­микалық жетістіктерге жетті, де­ді Н.Шариф. Бұл саяси маңызы салмақты кездесу туралы « Байланыстарды бекіте түсудегі тың қадамдар » атты мақаладан оқи аласыздар.

Сондай-ақ, «Егемен Қазақстан» Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры. Юкия Аманоның мақаласын ұсынған. Мақалада Қазақстан - әлемдегі алдыңғы қатарлы уран өндіруші ел екені, бірнеше онжылдықта- МАГАТЭ ТБУ бан­кін орналастыруға оңтайлы жақсы сараптамалық ресурс жи­нақтағаны жазылады. Қазақстан Үкіметі мен Атом энер­гиясы жөнiндегi халық­аралық агенттiктің (МАГАТЭ) ара­сында Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) құру туралы келісімге қол қою бұл маңызды қызметтегі ірі ке­зеңді білдіреді. Қазақстан өзін таратпау ісінің қолдаушысы ретінде көрсете білді. МАГАТЭ ТБУ банкін орна­лас­тыру - бұл Қазақстанның халық­аралық ядролық ынтымақтастықты нығайтудағы уақтылы және өте маңызды қадамы. Президент Назарбаевқа, сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі мен халқына алғысымды білдіремін»,-дейді Ю.Амано. Сондай-ақ, МАКАТЭ ТБУ банкі Үлбі металлургия зауытының болашағына қатысты қандай болжамда отырғанын білгіңіз келсе, газеттің бүгінгі санындағы « Қазақстандағы МАГАТЭ ТБУ банкі - ядролық ынтымақтастықтағы маңызды кезең » атты мақаланы оқыңыз.

***

«Айқын» республикалық газеті бүгін бүкіл әлемді «жаулаған» Голливуд өнімдерінің мазмұны мен мәніне талдау жасаған. Жасыратыны жоқ, Голливуд түсіретін фильмдердің жер шарында сұранысы жоғары. Бірақ, сол Голливуд алты құрлықтағы адамзаттың салты мен сенімі әртүрлі екенін ескере ме? Бұл тақырып төңірегінде талдау жүргізген газет «Басқасын айтпай-ақ қояйық, Голливуд қазір бүкіл әлем құрметпен қарайтын дін тақырыбын қойыртпақтап бітті. Діни қайраткердің, тұлғаның үстіне қоқыс төңкере салу оларға түк те емес» деген ой түйіпті. «Былтыр ғана жарыққа шыққан Даррен Аронофскидің «Ной» фильмі біраз жұрттың шымбайына тиді. Сце­нарий авторлары Інжіл қиссалары бо­йын­ша түсірілді деген осы фильмнің «тігісін жатқызып» жібергенге ұқ­сай­ды. Өйткені фильмде мұсылмандар құр­меттейтін Нұх пайғамбардың елесі де жоқ. Содан болар, «Нойды» көр­се­туге мұсылман елдерінің біразы тыйым салды. Тіпті ішінара фильмге христиан шіркеулері де қарсы болды. Сонда ба­ғанағы Інжіл қиссалары бойынша тү­сірілді дегені қайда қалды? Голливуд «Нойды» түсірерде спе­ц­эф­фектерге, фантастикалық сю­жет­терге көбірек ұрынған. Ешқандай қи­сынға келмейтін тас құбыжықтар жүр. Олар бұрын басқа тіршілік бол­ған-мыс. Сөйтіп, Адам пайғамбарға жәрдем беру үшін Жерге келген. Сол сәтте Құдайдың қаһарына ұшырап тасқа айналған-мыс. Кинода Нойдың кеме құрастыруына осы тас құбы­жық­тар көмектеседі. Құран мен Інжілде бар ма осы сюжет? Киноның тағы бір жерінде Нойдың о дүниелік болған атасымен жолығатын көрініс бар. Бұл да ойдан шығарылған қоспа. Жалпы алғанда, Даррен Аронофски Нұх­- тың адамзатқа жіберілген пайғамбар екенін ұмытып кеткен сияқты. Немесе жорта істеген болуы мүмкін. Әйтпесе діннен хабары бар адам дін тарихын­да мүлдем жоқ мысалдармен былық­тырар ма еді» деп жазады басылым. Бұл тақырып сізді қызықтырса, «Айқын» газетінің бүгінгі санындағы « Голливуд пайғамбарлармен ойнауды қашан қояды?» деген мақаланы оқыңыз.

Сондай-ақ, «Айқынның» бүгінгі санында әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Ермек Қаныкейдің әдебиетке де, журналистикаға да жақын - сын жанры туралы сұхбаты жарияланған. Ғалым ақын жазушы мен оқырманның арасы тым алшақтап кеткенін айтып, ой білдірген. «Алшақтағанда, сұмдық ал­ыс­­тап кетті», - дейді әдебиетші, «оқырманның көңі­лі қалды. Осыны мойын­дауымыз керек. Өздерінің оқитын аз ғана тобы бар. Мәселен, жастардың шы­ғармаларын үзбей оқитын мен бармын. Өзімнің маман­дығым әде­биетші болғандықтан, үнемі қадағалап жүремін. Менің айна­лам­дағылардың біреуі де оқымай­ды. «Не айтып отыр?» деп сұ­рай­ды. Олардың не айтып отырғанын айналамдағыларға түсіндіріп айта алмаймын. Өйт­кені маман ретін­де өзім түсіне алмасам, олар қай­дан ұқсын? Олар өздерін тереңдеп кеттік деп ойлайды. Мүмкін, те­рең­деп те кеткен шығар. Интел­лектуалдық терең екенін көрсет­кісі келеді шығармаларында»,-дейді Е.Қаныкей. Ғалымның қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-күйі туралы «Платон - бәріміздің досымыз, бірақ ақиқат одан да қымбат...» деген тақырыптағы сұхбаттан толық оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар