Голливудтық актер Эдриан Броуди Астанада өтетін фестивальда «Жыртқыштар» фильмін ұсынады

«Бұл секілді фестивальдар longbeach пен Atlantic sityде өткізілді, елордада өткізіліп отырған фестиваль үшіншісі, бірақ Қазақстандағы алғашқысы әрі ең қысқасы. Біз оны Астанада ашамыз да, Алматыға ауысамыз, тағы бір қала шақырып жатыр, бірақ біз келісімдер жүргізу үстіндеміз», - деді баспасөз мәслихатында Е.Ялгашев.
Кинофорумның негізгі мақсаты - біздің елімізді Батыста жарнамалау. Фестиваль барысында «Жұмақтағы көлеңкелер», «Соңғы күзетші», ресейлік «Шытырман оқиға іздеушілер» фильмдерінің көрсетілімдері болды. Барлық ленталар шілденің 13-інде көрсетілді.
«Астана - тамаша қала, мен Қазақстанның қаншама дамыған мемлекет екеніне тағы бір куә болдым. Мен бұл жаққа әлемге Қазақстан туралы жеткізу үшін және өзімнің жаңа «Жыртқыштар» фильмімді ұсынуға келіп отырмын. Бұл фильм мен үшін басқа деңгейдегі туынды», - деді актер Э.Броуди.
Сондай-ақ, фестивальге Арманд Ассанте, Марк Дакаскос, Лев Прыгунов, Гарик Гаспарян, Анна Чурсина сынды өнер қайраткерлері де келді.