Голливудтың ең бай жұптары аталды
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Голливудтың ең бай жұптарының рейтингі жасалды. Forbes жариялаған тізімге тек актерлер ғана емес, сазгерлер мен спортшылар да енді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.
Рейтингті журнал «хип-хоп орындауларының королі және ханшасы» деп атаған Jay-Z және Бейонс басқарды. 2008 жылғы маусымнан 2009 жылғы маусымға дейінгі аралықта ерлі-зайыптылар 122 миллион АҚШ доллары мөлшерінде пайда тапты.
Брэд Питт пен Анджелина Джоли биылғы жылы «Индиана Джонсқа» оралғаны үшін Форд алған 65 миллион АҚШ доллары гонорарының арқасында екінші сатыға шыққан Харрисон Форд пен оның әйелі Калисте Флокхартқа жол беріп, үшінші орынды иеленді.