09:09, 18 Қазан 2017 | GMT +5
Головкин-Альварес қарымта кездесуі наурыз айында өтуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес қарымта кездесуі өтуі мүмкін жаңа дата белгілі болды, деп жазады Sports.kz.

Boxingscene.com сайтында Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің: «Жекпе-жектің дәл қай күні өтетіні әлі толық шешілген жоқ. Келіссөздер жүріп жатыр. Біз реваншты жоспардағыдан ертерек, мәселен, наурызда өткізу жайлы әңгімелестік. Бірақ мамыр - PPV-сатылымдар үшін өте қолайлы ай», - деген сөзі жарияланды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер «Канелоға» қарсы қарымта кездесу өткізуге ең қолайлы күн 2018 жылдың 5 мамыры екенін айтқан болатын.