Головкин әлемдегі бірінші боксшы болуы үшін Уордты жеңуі керек - Фредди Роуч

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық бапкер Фредди Роуч қандай жағдайда Геннадий Головкин әлемнің салмақтан тыс үздік боксшысы болатынын айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин әлемдегі бірінші боксшы болуы үшін Уордты жеңуі керек - Фредди Роуч

«Менің ойымша, Г.Головкиннің қарсыластары көп болғанда, үздік атанар еді. Бірақ, қазір оның қандай да бір қарсыласы (орта салмақтағы, онымен кездесуге әзір) бар деп ойламаймын, - деді Роуч  Fighthub.com-ға берген сұхбатында. Головкин Мэйвезердей бола ала ма деген сұраққа Роуч:

-  Егер Андре Уордпен кездессе, бұл GGG үшін тамаша жекпе-жек болар еді. Бұл осы дәуірдің салмақтан тыс үздік боксшысы атану үшін жасалуы тиіс. Бұл өте қиын шайқас болады, себебі Уорд - мықты боксшы. Ол кішкене сылбырлау, алайда ол өте жақсы боксшы», - деп жауап берді.