16:01, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Головкин Дигейл қарсыластарының бестігіне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың BleacherReport.com сайты IBF супер орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Джеймс Дигейлмен жекпе-жекке шығушы бес боксшыны атады.

Тізімнің төртінші орнында Геннадий Головкиннің есімі тұр, деп хабарлайды Sports.kz.
Ring TV-ға таяуда берген сұхбатында Дигейл қазақстандықтың кейбір әлсіз тұстарын байқағандығын мәлімдеді.
«Бұл үлкен жұдырықтасу болатын еді. Мен оның әлсіз тұстарын байқап та тұрмын. Оның Вилли Монромен жекпе-жегін көрдім, ол үшін солақайлармен айқасу оңай емес екен. Головкин мықты соққы бере алады, бірақ екінші орта салмақ үшін аздау. Сондықтан бұл салмақ дәрежесіне көтерілетін болса, оған тексеруден өтуі керек», - деді Дигейл.
Бұл - батыл айтылған сөздер. Дегенмен Головкиннің қанжығасында 33 жеңіс бар, әлі жеңіліп көрмеген, оған қоса, ол WBA және IBO-ның орташа салмақтағы чемпиондық белдіктердің иесі.