08:07, 15 Қыркүйек 2022 | GMT +5
Головкин-Канело жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Канело трилогиясын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді. Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.
Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05:00-де басталады.
Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Фото: boxingscene.com