09:27, 27 Ақпан 2018 | GMT +5
Головкин «Канеломен» алғашқы жекпе-жегіне дайын болмағанын мойындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен өткен алғашқы кездесуде өз әлеуетін толық көрсете алмағанын жасымады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Канело» алғашқы кездесудің алдында маған нағыз мексикалық әдісті көрсететінін көп айтты, бірақ өзі көп қозғалды. Бұл біраз таңдандырды. Мүмкін, мен әрбір раундқа дайын болмаған шығармын. Айқастың алғашқы жартысына дайын едім, бірақ екіншісіне емес. Енді екінші жекпе-жекте көбірек драма, көбірек экшн көрсетемін. Өткен кездесуге 100% дайын емес едім, енді дайынмын. «Канело» да солай», - дейді GGG Yahoo! Sports-қа берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы айқас 2017 жылғы 16 қыркүйекте тең нәтижемен аяқталған болатын, ал екінші кездесу 5 мамырға белгіленген.