Головкин «Канеломен» айқас алдында 1930-жылдар стиліндегі ролик түсіріліміне қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA, WBC, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) мексикалық Сауль Альвареспен алдағы айқасқа орай 1930 жылдар стиліндегі жарнамалық ролик түсіріліміне қатысты.
None
None

Бұл туралы GGG ВКонтакте ресми тобында жарияланды.

Еске сала кетсек, Головкин мен Альварес жекпе-жегі Лас-Вегастағы -Mobile аренасында 16 қыркүйекте болады.

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя жоспарланып отырған Геннадий Головкин - Сауль Альварес кездесуінің қашан басталатындығы мәлім етті.

«Сіздер бұл айқасты Шығыс жағалауы уақыты бойынша кешкі сағат 11-де көре аласындар»,-деді ол Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында.

Яғнии, қазақстандық жанкүйерлер үшін жекпе-жек 17 жексенбі күні таңертеңгі 9-да басталады.

Boxrec.com порталының хабарлауынша, бұл айқаста қазақстандық боксшыға тиесілі төрт белбеудің кімге бұйыратындығы белгілі болмақ. Сондай-ақ сайттың жазуынша, жекпе-жек ең жоғары бес жұлдызды рейтингке ие.

Соңғы жаңалықтар