03:00, 19 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өтетін орын анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN.com порталының тілшісі Сальвадор Родригес мексикалық Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар де ла Хояның қазақстандық Геннадий Головкинмен болуы мүмкін үшінші кездесуге қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Бұл идея сенімді түрде айтыла бастады. Оскар де ла Хоя да жақында мексика билігімен және Azteca Stadium басшысымен осы мәселе туралы сөйлесетінін айтты. Бұл оқиға қыркүйек айына жоспарланып отыр. Геннадий Головкин ең тартымды қарсылас. Дегенмен бұдан өзге де жоспарлар бар және олар назарға алынды»,-жазады тілші.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин «Канеломен» екі мәрте кездесті. Бірінші кездесу өткен жылдың қыркүйек айында өтті және тең аяқталды. Екінші кездесу биылғы жылдың қыркүйек айында өтіп, төрешілердің шешімімен жеңіс мексикалық боксшыға бұйырды. Кездесудің екеуі де Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті.