11:12, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
                                        Головкин - Сондерс жекпе-жегі - сәуір, Америка?
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) қазақстандық лидердің командасы  көктем ортасында WBO белдігінің иегері британдық Били Джо Сондерспен (23-0, 12 КО)  жекпе-жек өткізуді ұсынды. 
                                        
                                        
                                    
                                              Еске сала кетсек, 19 желтоқсанда ол бұл белдікті отандасы Энди Лиден тартып алған болатын, деп хабарлайды sports.kz.
«Бәрі орынды. Айқас өткізуге болады, - деп растады K2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлёр. - Біз АҚШ-та Сондерспен жекпе-жек өткізу жайында Фрэнк Уорренге (британдықтың промоутер - vRINGe) ұсыныс жасадық».
«Сәуір айы дәл келеді. Арена таңдап жатырмыз. Madison Square Garden дирекциясы қызығушылық танытуда. Олар өткен жолы Геннадий қалай аншлаг ұйымдастырғанын жақсы біледі», - деп қосты ол.