Головкин - Сондерс жекпе-жегі жазда болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен ресми сайттағы өзінің бағанасында ағымдағы жазда Сондерстің Геннадий Головкинмен жекпе-жегін өткізуге қызығушылық танытатынын жазды, деп хабарлады Sports.kz.

«Билл бірнеше рет Головкинмен кездесуге ниет танытты. Ол украиналық Макс Бурсакпен жекпе-жек өткізгеннен кейін осы іске кірісемін. Мен оған: «Егер Головкинмен кездескің келсе, сен Бурсакты жеңуің керек» дедім. Головкинмен кездесу жазда ұйымдастырылуы мүмкін. Канело Альварес пен Амир Хан мамыр айында шығатынын ескерсек, мексикалық пен Головкиннің кездесуі биыл болатынына күмәнім бар. Бұл жекпе-жек мүлдем болмауы да мүмкін», - деп жазды Уоррен.

Соңғы жаңалықтар
telegram