Головкин Сондерспен жекпе-жекке шықпайды - БАҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Yahoo! Sports порталының хабарлауынша, Геннадий Головкин жазда орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен айқас өткізбейді, деп жазды Sports.kz.
Мұның орнына қазақстандық боксшының командасы қыркүйекте Сауль Канело Альвареспен жекпе-жекке дайындалады.
Геннадийдің промоутері Том Леффлер мексикалық тараппен келіссөздер жүргізуді жалғастыруда, алайда жағдай туралы тілшілерге пікір білдіруден бас тартқан.
Бастапқыда Головкин мен Сондерс жекпе-жегі маусым айына жоспарланған еді. Өткізу орны Астана қаласы деп жорамалданған.