Головкин - Уорд жекпе-жегін ұйымдастырушылар ортақ келісімге келе алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орташа салмақта көш бастап тұрған Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен супер дивизионда үздік деп танылған Андре Уорд (28-0, 15 КО) арасындағы мегафайт нұсқасын пысықтауы кедергіге тап болды, деп жазады sports.kz.
None
None

«Roc Nation Sports» (Уорд ) пен «K2 Promotions» (Головкин) әзірге ортақ келісімге келген жоқ, деп нақтылады келіссөз барысы жайлы ақпараттан хабардар «BoxingScene» дереккөзі. «Уорд Головкинмен келесі кезекте жұдырықтасқысы келеді, алайда 74,4 келі салмақта бұл мүмкін емес», - деп мәлімдеді инсайдер. Еске салсақ, Андре маусымда ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралды. Голвкин мен Уорд екеуі де келесі айқастарын күзде өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар