Головкин WBC чемпионымен кездесуден бас тартуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - TALKsport.com порталының журналисі Майкл Бенсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің орта салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарломен кездесу мүмкіндігі туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Кездесуге кедергі болатын жағдайлар туындауы мүмкін. Өйткені Головкин мансабындағы алғашқы жеңілістен кейін еркін агентке айналып, болашағын болжап отыр. Егер 36 жастағы боксшы Showtime-мен келісімшартқа отырса, Чарломен кездесу ұйымдастыру оп-оңай болады. Егер басқа жолды таңдаса, WBC туралы ұмыта беруіне болады», - дейді сарапшы.

WBC президенті Маурисио Сулейман да Чарло мен Головкиннің кездесуіне үміт білдіретінін айтқан болатын. «Чарло мен Головкин кездесіп, оның жеңімпазы 2019 жылдың қыркүйегінде «Канеломен» жекпе-жек өткізеді деп үміттенемін», - деген еді Сулейман.

Еске сала кетейік, қазан айында WBC Головкин мен Чарло арасындағы жекпе-жекке сакция шығарған, бірақ оған тараптардың ешбірі қызығушылық білдіре қоймаған болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram