Головкиннің келесі қарсыласы 21 қарашада Францияда белгілі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қарашада Францияда бокс кеші өтеді, онда франко-камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикам (31-2,18 КО) мен грузин Автандил Хурцидзе (31-2-2,20 КО) арасында қарымта кездесу өтеді.

Головкиннің келесі қарсыласы 21 қарашада Францияда белгілі болады

Жарыста IBF ұйымы рейтінгінің екінші орны сарапқа түседі. Ол белдік қазіргі таңда қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі. Алайда ресми үміткер болуы үшін бұл жекпе-жектің жеңімпазы багамдық Туреано Джонсонға тиесілі рейтингтегі бірінші орын үшін жұдырықтасуы керек, деп хабарлайды sports.kz.