Головкиннің сәуірдегі жекпе-жегі Лос-Анджелесте өтуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Лос-Анджелестегі Forum аренасын 23 сәуірде бокс өткізілуі мүмкін деп, алдын ала резервке алды. Бұл жөнінде ESPN шолушысы Дэн Рафаэлдің туиттердегі парақшасына сілтеме жасай отырып Sports.kz хабарлады.

 Головкиннің сәуірдегі жекпе-жегі Лос-Анджелесте өтуі мүмкін

Өткен жылы 17500 адам сыятын осы аренада Геннадий кіші Монромен жекпе-жек өткізген. Онда GGG алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Еске салсақ, бұдан бұрын Леффлер Нью-Йорктегі Madison Square Garden-ді резервке алған. Алайда бұл жерде дәл сол күні UFC ұйымы өзінің жарысын өткізбекші.