Головкиннің ықтимал кездесуі 2017 жылдың ТОП-5 жекпе-жегінің қатарына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - LATimes.com порталы алдағы жылы болуы мүмкін ең үздік бес жекпе-жек тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Бұл тізімдегі алғашқы орынды қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен (36-0, 33 КО) мексикалық Сауль Альварес «Канеломен» (48-1-1, 34 КО) болуы ықтимал кездесу алып отыр. Еске сала кетсек, боксшылардың промоутерлері Том Лёффлер мен Оскар де ла Хойя 2017 жылдың қыркүйек айында кездесу өткізу туралы ауызша уағдаласты.

Сонымен бірге, бұл тізімге төрт қарымта кездесу енді, әзірге оның біреуі - мексикалық Санта Крустың (32-1-1, 18 КО) британдық Карл Фрэмптонмен (23-0, 14 КО) айқасы ғана бекітілген.

Өзге де болуы мүмкін кездесулер:

Кіші Флойд Мэйвезер (49-0, 26 КО) - Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО)

Роман Гонсалес (46-0, 38 КО) - Карлос Куадрас (35-1-1, 27 КО)

Андре Уорд (31-0, 15 КО) - Сергей Ковалёв (30-1-1, 26 КО).

Соңғы жаңалықтар