Гондураста екі күннің ішінде жаппай кісі өлтіру оқиғалары орын алды

Ведомство өкілінің айтуынша, қылмыскерлер бірнеше тұрғындардың үйлеріне басып кіріп, оларды көшеге сүйреп шығарып, атып тастаған. Өлтірілгендер 18-ден 36 жасқа дейінгі адамдар. El Heraldo порталының атап өтуінше, бұған жергілікті бандылардың аумақтарға бақылау орнату үшін қатынастарын айқындау себеп болған тәрізді.
Бұл жаппай кісі өлтіру орталықамерикандық елдегі соңғы екі күндегі екінші осындай оқиға болып отыр. Сейсенбі күні қаскөйлер Чолома қаласындағы автобус стансасын атқылап, сол жерде сегіз адамды жер жастандырған болатын.
Гондурастағы қылмыс пен зомбылық - әлемдегі ең жоғары көрсеткішке жеткен. БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Гондурастың 100 мың халқына 90,4 кісі өлтіруден келетінін атады. Соның ішінде барлық кісі өлтірулердің 70 пайызы есірткі ағынымен байланысты.