Гонконгта болған «қышқыл шабуылынан» 30 адам зардап шекті

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Улы қышқыл құйылған пластик шөлмектермен жасалған жаңа шабуылдың салдарынан 30 адам зардап шекті, олардың ішінде бір бала және 9 шетелдік турист бар. Полиция өкілінің хабарлауынша, оқиға сенбі күні кешке Темпл-стриттің түнгі көше базарларының бірінде орын алды,
None
None

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Қышқыл құйылған екі ашық пластик шөлмек жақын маңдағы үйлердің бірінің шатырынан лақтырылған. Зардап шегушілер кішігірім химиялық күйік жарақаттарын алған. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді.

Бұл мегаполистің халық көп шоғырланған аудандарында соңғы 13 айда жасалған алтыншы «қышқыл шабуылы». Беті ашылмаған бұл қылмыстардан жалпы есеппен 100-ден астам адам зардап шегіп отыр. Дегенмен, полиция соңғы оқиғаға қатысы бар деген күдіктінің ұсталғанын мәлім етті. Қазір одан жауап алынуда.

Соңғы жаңалықтар