Гонконгта ҚР Конституциясы күніне арналған баспасөз мәслихаты болып өтті

ГОНКОНГ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында ҚХР-дың Сянган Арнайы әкімшілік ауданындағы (ҚХР САӘА - Гонконг) ҚР Бас консулдығы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары, іскерлік топ өкілдерінің, ҚР азаматтарының және қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
None
None

Бас консул Жошыхан Қыраубаев 1995 жылы тамыздың 30-ында жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция билік жүргізуді, тұрақтылықты, заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін қағидаттарды жариялағанын атады. Негізгі заң адамның ең жоғары құндылықтары - оның өмірі, құқығы және бостандығы екенін бекітті. Конституция қабылданған күнінен бастап мемлекеттілікті құру аяқталды, экономиканы тиімді басқарудың іргетасы қаланды, сөз бостандығы, бәсекелестік және саяси пікір алуандылығы қамтамасыз етілуде.

Дипломат 2007 жылы жүргізілген конституциялық реформаның елді одан әрі саяси жаңғыртуға ықпал еткенін атады.

Соңғы жаңалықтар